Батыс Қазақстан облыстық еңбек инспекциясында қызметтік жиналыс өтті

Батыс Қазақстан облысы еңбек инспекциясында қоғамдық ұйымдармен жұмыс бойынша 2021 жылды қорытындылау және облыс кәсіпорындарының ұжымдарындағы еңбек даулары мен жанжалдарын алдын алу мақсатында қызметтік жиын өтті.

Жиналысқа БҚО бойынша еңбек инспекциясының басшысы А.Досжанов, Батыс Қазақстан облысы Кәсіподақтар орталығының төрайымы А.Есекенова, “Халықаралық Медиация орталығы” РКБ БҚО бойынша филиалы директоры М.Пруденцано қатысты.

Кездесуде жұмыс берушілер мен жұмыскерлер арасында туындауы мүмкін еңбек қатынастарының проблемалық мәселелері, олардың уақтылы анықталуы мен оң шешілуі үшін жан-жақты қолдау көрсету шаралары кеңінен талқыланды.