Жыл басында «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы Қызылорда облыстық филиалы құрамы жаңа бастауыш ұйыммен толықты.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінде бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылып, мекеменің 26 қызметкері кәсіподақ мүшелері атанды.
«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағының облыстық филиал төрағасы Асылхан Аблайханұлы еңбек ұжымымен кездесіп, жұмыскерлермен кәсіподақтар қызметінің негізгі қағидалары мен салалық кәсіподақтың атқарып жатқан жұмыстары барысынан ақпаратпен бөлісті.