Қазақстан Республикасы Кəсіподақтар федерациясы Заң клиникасының Павлодардағы филиалында құқықтық мəселелер бойынша азаматтарды қабылдау өтті.
Кеңес алу үшін жүгінген өтініш беруші Павлодар қаласының ЖШС бірінде металлды жинау жəне қайта өңдеу бойынша өзінің газ кесуші ретіндегі жұмысы туралы айтып берді. Жұмысқа жіберу үшін ол жұмыс берушінің жолдамасы бойынша өрт жəне қауіпсіздік техникасы ережелері бойынша оқытудан өтті.
Еңбек қатынастарын ресімдеусіз бір ай жұмыс істегеннен кейін қызметкер 90 000 теңге сомасында жалақы алды жəне еңбек міндеттерін тағы бір ай атқаруды жалғастырды. Алайда, екінші ай жұмыс істегеннен кейін оған жалақы төленбеді, ал ЖШС ішкі қауіпсіздік қызметі қызметкердің еңбек міндеттерін орындау орнына кіруіне кедергі келтірді.
Павлодар облысының аумақтық кəсіподақтар бірлестігі жанындағы ҚРКФ Заң клиникасы филиалының басшысы М.Иванова өтініш берушіге түсіндірді: 23-баптың 2-тармағының 2) тармақшасына сəйкес жұмыс беруші жұмысқа қабылдау кезінде ҚР Еңбек кодексінде белгіленген тəртіппен жəне шарттарда жұмыскерлермен еңбек шарттарын жасасуға міндетті.
Жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзғаны үшін “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” Қазақстан Республикасы Кодексінің 87-бабына сəйкес əкімшілік жауаптылық туындайды: лауазымды адамдарға, дара кəсіпкерлерге, шағын немесе орта кəсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, ірі кəсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салынады.
Жұмыс берушінің жалақыны толық көлемде жəне Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген мерзімдерде төлемеуі, сол сияқты төлемді кешіктірген кезең үшін өсімпұлды есептемеуі жəне төлемеуі айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға əкеп соғады.
Өтініш берушіні қабылдау аясында қызметкердің бұзылған еңбек құқықтарын қорғаудың одан əрі алгоритмі анықталды.