Кәсіподақ мүшелері еңбек ұжымдарындағы əлеуметтік-экономикалық жағдай туралы сөз қозғады

Салалық, жергілікті кəсіптік бірлестіктер филиалдарының төрағаларының қатысуымен “Павлодар облысының Кəсіподақ орталығы” АКБ Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Отырыс шеңберінде күн тəртібіне сəйкес еңбек ұжымдарындағы əлеуметтік-экономикалық жағдай туралы мəселелер қаралды. Отырысқа қатысушылардың айтуынша, еңбек ұжымдары төтенше жағдай режимі жəне террористік қауіптіліктің “сары” деңгейін сақтау кезеңінде барлық санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, штаттық режимде тұрақты жұмыс істейді.

“Кəсіподақтар федерациясының жəне оның мүшелік ұйымдарының қызметі кəсіподақ қозғалысын одан əрі нығайтуға, кəсіподақ мүшелерінің еңбек жəне əлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғауға, еңбекшілердің өмір сүру деңгейі мен құқықтық қорғалуын арттыруға бағытталған жəне ұжымдық шарттардың тиімділігі мен сапалық деңгейін арттыру жəне оларда нақты міндеттемелерді бекіту бойынша əлеуметтік əріптестермен сындарлы өзара іс-қимыл жасау негізінде құрылады”, – деп атап өтті “Павлодар облысының Кəсіподақ орталығы” АКБ төрайымы Д.Айтжанова.

Павлодар облысының аумақтық кəсіподақтар құрылымдарының Үйлестіру кеңесінің мүшелері əрбір еңбек ұжымында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің отырысында сөйлеген сөзін зерделеу жəне талқылау өткізілетінін атап өтті.

Үйлестіру кеңесінің мүшелері қызметкерлердің əлеуметтік-экономикалық жағдайын, адамдардың өмір сүру сапасы мен əл-ауқатын жақсарту жөніндегі жүйелі шаралар бойынша, еңбек ұжымдары арасында əлеуметтік шиеленістің туындауының алдын алу жəне ескерту бойынша ұсыныстарды жəне 2022 жылға арналған іс-қимыл жоспарын қалыптастыру үшін ұсыныстарды талқылады.

“Павлодарэнерго” энергожүйесі қызметкерлерінің жергілікті кəсіподағы” ҚБ төрағасы Б.Төлеубаев энергетиктерді – табиғи монополиялар субъектілерін əлеуметтік қолдау туралы мəселені шешу үшін “Табиғи монополиялар туралы” ҚР Заңына өзгерістер енгізуді ұсынды, “Павлодар облысы бойынша Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кəсіптік одағы” ҚБ филиалының төрағасы П.Сурма əлеуметтік маңызы бар тауарларға баға белгілеуге кəсіподақтар тарапынан қоғамдық бақылау енгізуді ұсынды, “Батыр Көмір” жергілікті кəсіподағының төрағасы С.Михайлюк уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша əлеуметтік жəрдемақы мөлшерін реттейтін заңнамаға өзгеріс енгізуді жəне қолданыстағы шекті шектеуді алып тастай отырып, орташа жалақының жүз пайызын айқындауды ұсынды.

Барлық қаралған мəселелер бойынша Үйлестіру кеңесінің шешімі бірауыздан қабылданды.