Кәсіподақ ұстаздарға денсаулықтарын нығайтуға қолдау көрсетті

Білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы педагогтардың мүддесін қорғап қана қоймай, қызметкерлердің денсаулығын нығайтуға да көңіл бөліп келеді. Ақтөбе облысы мұғалімдері жыл сайын каникул уақытында шипажайларда тынығып, ем-дом алады.

Мәселен, қысқы демалыс кезінде Алға ауданының ұстаздары “Шипагер” шипажайында дем алып, денсаулықтарын нығайтты. Педагогтар медицина мамандарының тексерісінен өтіп, әртүрлі емдік процедуралар қабылдады.