Шымкент қаласының Қоғамдық кеңес мүшелері шаһар тұрғындарына қоғамдық қабылдау өткізді.
Кездесуде «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Б.Әлтеев, Шымкент қаласы қоғамдық кеңесінің төрағасы Н.Бұхарбай, Шымкент университетінің проректоры Н.Ажиметов, «Шымкент қаласының Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Ж.Білісбеков пен «ARA24» ақпараттық агенттігінің директоры, тілші Е.Әмірбек халықтың мұң-мұқтажына құлақ түріп, мәселелерін тыңдады.
Қабылдауға алдын-ала жазылып келген тұрғындардың бірі әлеуметтік-тұрмыстық жағдайының нашарлығын айтса, келесісі тегін берілетін дәрі-дәрмектердің тізіміне өзгеріс енгізуді сұраса, бірі баспана мәселесін қозғады.
Алғашқылардың бірі болып Жайлау мөлтек ауданының тұрғыны, көпбалалы ана Айгерім Орынбасарова қабылдауда болды.