Қарағанды облысында Үйлестіру кеңесінің құрамы толықты

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Қарағанды облыстық ұйымы төрайымының міндетін атқарушы Алмагүл Рақышеваны Үйлестіру кеңесінің құрамына сайланды.

Алмагүл Айтақазиқызының консультативтік-кеңесші органның құрамына енуі Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Қарағанды облысы кәсіподақтар құрылымдарының бірлігі мен ынтымақтастығын нығайтуға ықпал етіп, қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелерінде кәсіподақ қызметінің негізгі бағыттары бойынша бірлескен шешімдер мен іс-қимылдарды әзірлеуде жаңа мүмкіндіктер ашуға мүмкіндік береді.