otyrar.kz: “Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті”

«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің басшысы Бауыржан Әлтеевтің төрағалығымен Үйлестіру кеңесі өтті. Жиынға салалық кәсіподақтар филиалдарының және жергілікті кәсіподақтардың төрағалары, кәсіподақтар бірлестігінің қызметкерлері қатысты. Күн тәртібінде бүгінгі таңдағы келесідей өзекті мәселелер қаралды:

1) «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі тапсырмаларының орындалуы;
2)  Жұмысшылардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту бойынша жүйелі шаралар қабылдау үшін ҚР Кәсіподақтар федерациясына негізді ұсыныстар енгізу;
3) Төтенше жағдай кезеңінде зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету үшін қызметкерлердің бір күндік еңбек ақысын аудару;
4) ҚР «Төтенше жағдай туралы» Заңы, ҚР Президентінің «Шымкент қаласында төтенше жағдайды енгізу туралы» Жарлығының талаптары, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіндегі ТЖ режимiн бұзу үшін көзделген әкімшілік жауапкершілік;
5) «QAZAQSTAN KÁSIPODAǴY» газетіне жазылу барысы.
Бірінші мәселе бойынша сөз алған кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Руслан Ақжігітов Кеңес мүшелерінен бірлестік тарапынан жолданған 2022 жылға арналған жұмыс жоспары мен медиа жоспарына ұсыныс беру және т.б. туралы хаттар бойынша мерзімінде мәлімет беруді сұрады.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша сөз алған  Бауыржан Әлтеев жұмысшылардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту үшін негізді ұсынымдар болған жағдайда бірыңғай жүйелі шаралар қалыптастыру мақсатында бірлестікке жолдау қажеттігін айтты.

Сондай-ақ, келесі мәселе бойынша Төрағаның сөзінен кейін Кеңес мүшелері бірауыздан дағдарыс кезінде зардап шекен азаматтарға кәсіподақ қызметкерлерінің бір күндік жалақыларын аудару туралы шешім қабылдады.
Кезекті мәселе бойынша Руслан Ақжігітов өз сөзінде Төтенше жағдай кезеңінде әрекет ететін заңнамалық актілерге тоқталып, коменданттық сағат талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік көзделгенін тілге тиек етті.

Күн тәртібіндегі соңғы мәселе бойынша салалық кәсіподақ филиалдары басшыларының «QAZAQSTAN KÁSIPODAǴY» газетіне жазылу туралы мәліметтері тыңдалып, тиісті тапсырмалар берілді.

https://kz.otyrar.kz/2022/01/ujlestirw-kenesinin-otyrysy-otti/