Жұмыс кеңесі өтті

Кәсіподақтар үйінде Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Қарағанды облыстық ұйымының қалалық және аудандық комитеттерінің төрағалары мен бухгалтерлерімен жұмыс кеңесі өтті.

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Қарағанды облыстық ұйымы төрайымының міндетін атқарушы Алмагүл Рақышева филиалдардың, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының 2021 жылғы жұмыс қорытындылары туралы хабардар етті.

Күн тәртібінде Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы жариялаған «Әлеуметтік әріптестік жылы» аясында Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Қарағанды облыстық ұйымының 2022 жылға арналған іс-шаралар жоспары қаралып бекітілді және білім беру ұйымы кәсіподақ мүшелерінің балаларын әлеуметтік қолдау мақсатындағы іс-шаралар талқыланды.