Қарағанды облысында қоғамдық кәсіподақ қабылдауы жұмыс істейді

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Қарағанды облысының Кәсіподақ орталығы базасында Қоғамдық қабылдау жұмысының аясында жедел кеңес беруді өткізу, сонымен қатар өңір тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық және еңбек мәселелерін қарау мақсатында ашылған «жедел байланыс» қызметі белсенді жұмыс істейді.

2022 жылдың басынан бастап Қарағанды өңірінің тұрғындарынан келесі сұрақтар бойынша 27 өтініш түсті:
– Сәтбаев қаласының тұрғындары Арғанаты, Артығалиев және т. б. көшелеріндегі тұрғын үйлерді сапасыз жылумен қамтамасыз ету мәселесін көтерді;
-еңбек ардагерлері, өндірісте жарақат алған регресшілер санаторлық-курорттық емдеу және әлеуметтік қамсыздандыру мәселесімен жүгінді;
– Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан ауданы тұрғындарынан Сұрыптау бөлігін үздіксіз сумен қамтамасыз ету бойынша сұрақтар түсті (Жұмысшы кенті);
– облыс тұрғындары әлеуметтік-еңбек және азаматтық-құқықтық сипаттағы сұрақтармен жүгінеді. Оларға Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Қарағанды облысы Кәсіподақ орталығы Заң клиникасының қызметкерлері білікті заңдық түсініктемелер береді.

Қарағанды облысы тұрғындарының мәселелерін шешу үшін өтініштер уәкілетті мемлекеттік органдарға, кәсіподақ ұйымдарына жіберіледі және олар шешілгенге дейін бақылауда болады.

Қоғамдық қабылдау күн сайын сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 5 ғимарат, каб.204 (2 қабат) мекен-жайы бойынша жұмыс істейді.

Өтініштерді profcentr_kr@mail.ru электронды мекен-жай бойынша және 8 775 203 77 99, 8 775 916 35 25 WhatsApp «жедел» байланыс телефондарына жолдауға болады (тәулік бойы).