Еңбекші әйелдер істері жөніндегі комиссия қоғамдық жұмыстың бағыттарын айқындады

2021 жылғы 20 қаңтарда Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің еңбекші әйелдер істері жөніндегі комиссиясы осы жылғы бірінші отырысында еңбек етуші әйелдерді, аз қамтылған және көпбалалы аналарды қолдау, жұмыс істейтін әйелдердің еңбек және демалыс жағдайларын, олардың еңбегінің қауіпсіздігі мен қорғалуын қамтамасыз етуді қоғамдық бақылау жөніндегі жұмыстың негізгі бағыттарын айқындады.

Еңбек етуші әйелдер істері жөніндегі комиссия мүшелері “KSP Steel” ЖШС кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары А.Горланова, “ERG Servise” кәсіподақ комитетінің төрайымы О.Корягина, “Қазақстан алюминийі” АҚ цех комитетінің төрайымы Г.Канапина “Қазметаллкәсіп” тау-кен металлургия салалық кәсіптік одағы” ҚБ кәсіпорындарының ұжымдық шарттарында көзделген әйелдер құқықтарын қорғау мәселелерін талқылады.

Дөңгелек үстелге қатысушылар әрбір жұмыс орнындағы әйелдердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелеріне ерекше назар аударып, салауатты жұмыс орындарын, жұмыс істейтін әйелдердің демалуы үшін тиісті жағдайлар жасау мәселесін қолдады.

Комиссия хатшысы, Павлодар қаласының №1 емханасының медицина қызметкері Н.Кучерук коронавирустық инфекция ауруының алдын алу қажеттілігі ретінде ревакцинация жүргізу туралы айтып берді.

“Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында 2022 жылды Балалар жылы деп жариялады. Қиын өмірлік жағдайдағы кәсіпорындарда жұмыс істейтін және Аналар үйінде, балалы аналарға арналған оңалту бойынша дағдарыс орталығында тұратын көпбалалы және аз қамтылған аналарды қолдау бойынша жұмыс істейтін әйелдер істері жөніндегі комиссияның нақты жұмысы жалғасатын болады”, – деді комиссия төрайымы Р.Даумова.

“Әрбір кәсіпорында еңбек етуші әйелдерді қолдауды ілгерілету бойынша белсенді рөл атқару мақсатында әйелдер кеңестерін құруды ұсынамыз. Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы әлеуметтік әріптестік жылы деп жариялаған жылы жұмыс істейтін әйелдер, балалары бар отбасылар үшін қосымша жеңілдіктер мен кепілдіктер беру жөніндегі тармақтарды ұжымдық шарттарға қосу бойынша кәсіподақтар мен кәсіпорындар басшылығының бірлескен жұмысы жалғасатын болады”, – деп атап өтті Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Д.Айтжанова.

Талқылау қорытындысы бойынша Комиссия 2022 жылға арналған жұмыс жоспарын қабылдады.