Кәсіподақ төрағалары бас қосты

«Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлінің төрағалығымен салалық және жергілікті кәсіподақтар төрағаларының қатысуымен арнайы отырыс өтті.

Күн тәртібінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен бейнеконференция байланысы арқылы болған Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссияның отырысы талқыланды.

Сонымен қатар, жалақы қарызы бар мекемелермен жұмыс істеп, алдағы уақытта олардың алдын алу жұмыстары Кеңес мүшелерімен бірауыздан қабылданды. Сондай-ақ, қордаланған мәселелер бойынша кезекті Түркістан облысының Әлеуметтік әріптестік жөніндегі үшжақты комиссия отырысында қарауға ұсыныстар дайындауға тапсырма берілді.

Жиын соңы сұрақ-жауаппен аяқталды.