Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген шараға білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы демеушілік жасап, қолдау көрсетті.
Байқауға жалпы білім беру ұйымдарының әлеуметтік педагогтары қатысып, білімі мен біліктіліктерін ортаға салды.
Сайыстың мақсаты – білім беру ұйымдарының шығармашылықпен жұмыс істейтін әлеуметтік педагогтарын анықтау, оларға қолдау көрсету және әлеуметтік педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыру; Әлеуметтік педагогтарды ынталандыру; Білім беру ұйымдарында жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың беделін арттыру.
Жеңімпаздарды аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Сейілханов және кәсіподақ ұйымының төрағасы З.Бекетов құттықтап, алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыстады.