“Аудару мен ауыстырудың айырмашылығы неде?”

Осы сұраққа жауап алу үшін Павлодар қаласының өнеркәсіптік кәсіпорындарының бірінің өтініш беруші – қызметкерлері 2022 жылғы 20 қаңтарда Павлодар қаласы Жеңіс алаңы 3, 2а каб. мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Заң клиникасы филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне жүгінді, алдын ала жазылу 87001996036 жедел желі телефоны бойынша іске асады.

Жұмыс беруші қызметкерлерге қызметкердің лауазымының өзгеруіне байланысты ауысу туралы өтініш беруді ұсынды.

ҚРКФ Заң клиникасы филиалының басшысы М.Иванова: “Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 45-бабының 2-тармағына сәйкес қызметкердің оны басқа жұмыс орнына немесе сол жердегі басқа құрылымдық бөлімшеге ауыстыруына немесе еңбек шартында келісілген еңбек ақысының мөлшері мен шарттарын сақтай отырып, лауазым, мамандық, кәсіп, біліктілік шегінде басқа механизмде немесе агрегатта жұмыс істеуді тапсыруына келісім талап етпейді. Қызметкер үшін еңбек жағдайларын өзгертуге әкеп соқпайтын жұмыскер лауазымының (жұмысының), құрылымдық бөлімшенің атауын өзгертуді, басқару құрылымын өзгертуді жұмыс беруші жұмыскердің келісімінсіз жүзеге асыра алады.

Аудару мен ауыстырудың айырмашылығы – аударуға қызметкердің келісімімен ғана рұқсат етіледі, ол еңбек шартына тиісті өзгерістер енгізу арқылы рәсімделеді. Қызметкердің денсаулық жағдайы бойынша медициналық қорытындымен расталған қарсы көрсетілімдер болған кезде жұмыскерді басқа жұмысқа ауыстыруға жол берілмейді.

Басқа жұмысқа ауысу: қызметкердің жұмысын (еңбек функциясын) өзгерту, яғни жұмысты басқа лауазым, мамандық, кәсіп, біліктілік бойынша орындау; оны орындау кезінде еңбек шартында келісілген еңбек жағдайлары (жалақы мөлшері, жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі, жеңілдіктер мен басқа да жағдайлар) өзгеретін өзге жұмысты тапсыру; жұмыс берушінің оқшауланған құрылымдық бөлімшесіне ауыстыру; жұмыс берушімен бірге басқа жерге ауыстыру болып табылады”, – деп түсіндірді.

Өтініш берушілер өтініш бойынша толық заңгерлік кеңес алды.