2022 жылғы 21 қаңтарда Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі алаңында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру және дауларды соттан тыс және сотқа дейін реттеу институттарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 20 желтоқсандағы №84-VII ҚРЗ Заңының негізгі ережелерін зерделеу бойынша семинар өтті.
Семинар спикерлері Павлодар қалалық сотының судьясы Вероника Шевченко және Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Заң клиникасы филиалының басшысы Марина Иванова болды.
Өзгерістер мен толықтырулар «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексіне, «Нотариат туралы» ҚР Заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңына, «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» ҚР Заңына, «Медиация туралы» ҚР Заңына, ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексіне енгізілді.
«Нотариустың атқарушылық жазбасының көмегімен сотқа жүгінбей-ақ, есептелген, бірақ төленбеген жалақыны ғана емес, сондай-ақ өзге де төлемдерді, соның ішінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы аударымдарын өндіріп алу туралы төлемдерді өндіріп алуға болады. Медиацияны жүргізу тәсілдері кеңейтілді: медиатормен тараптардың жеке және (немесе) бірлескен телефон сөйлесулері арқылы, бейне-конференц-байланыс арқылы, электрондық хабарламалармен алмасу арқылы және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, өзге де тәсілдермен медиатормен тараптардың жеке және (немесе) бірлескен әңгімелесулері түрінде», – деп атап өтті кәсіби медиатор М.Иванова.
Павлодар қалалық сотының судьясы В.Шевченко семинарға қатысушылардың назарын ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексіне өзгерістер енгізуге аударды: «Тараптар және іске қатысатын басқа да тұлғалар дәлелдемелерді бірінші сатыдағы сотқа талап-арызды қабылдаған кезде олар сотқа дейінгі хаттама жасай отырып ұсынады, онда тараптардың және іске қатысатын басқа да тұлғалардың өз талаптарының немесе қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасағысы келетін және іс сотта қаралған жағдайда пайдаланғысы келетін дәлелдемелерді ашу, ұсыну және алмасу жөніндегі әрекеттері көрсетіледі».
«Қолданыстағы заңнаманың новеллаларын зерделеу еңбек дауларын сотқа дейін және сотта қарау кезінде қызметкерлердің өкілдігі бойынша кәсіподақ қоғамдық бірлестіктерінің құқықтық түсіндіру және қорғау функцияларын жүзеге асыру үшін қажет. Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі оқыту семинарларын ұйымдастыруға ерекше назар аударады, олардың саны жыл сайын жаңа жоғары деңгейге көтеріледі. Егер 2020 жылы 1700 қызметкер оқумен қамтылса, 2021 жылы 8500 қызметкер оқытылды, бұл өткен жылдың көрсеткішінен төрт есе артық. Заңнаманы білу сотқа талап-арызбен жүгінбей, кәсіпорындардың келісу комиссиясы деңгейінде құқықтық көмекті уақтылы көрсетуге көмектеседі», – деп атап өтті Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Д.Айтжанова.