Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы жариялаған Әлеуметтік әріптестік жылы аясында Қарағанды облысының Кәсіподақ орталығы мүдделі тараптармен бірлескен жұмысты жариялау үшін «Әлеуметтік әріптестік әрекетте!» атты жаңа айдар ашты.
Қарағанды облысында алғаш рет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы №773 «Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидалары» қаулысының негізінде мүгедектігі бар адамдар жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізуге қатысты мәселелерді қарау үшін арнайы Комиссия (мемлекеттік органдардың, кәсіптік одақтардың, кәсіпкерлер палатасының және қоғамдық бірлестіктердің өкілдерінен құрылатын консультативтік-кеңесші орган) құрылды.
Ендігі кезекте тоқсан сайын өткізілетін комиссияның онлайн-форматта өткен бірінші отырысында ұйымдастыру мәселелері шешіліп, шағын және орта бизнес өкілдерінен 2 өтінім қаралды.
Комиссия төрағасы болып «Қарағанды облысының кәсіпкерлер қауымдастығы» ҚБ атқарушы директоры Серік Санаубаев, Комиссия төрағасының орынбасары болып Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Қарағанды облысының Кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары Татьяна Шатохина сайланды.
Комиссия мүшелері:
Татьяна Аблаева – Қарағанды облысы кәсіпкерлік басқармасының басшысы;
Әсем Жүніспекова – облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы;
Нияз Сүндетәлиев – Қарағанды облысы әкімінің мүгедек адамдар мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі;
Ернар Күлпейісов – «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының облыстық филиалының басшысы.
Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі мәртебесін алу үшін жұмыскерлердің жартысынан көбі мүгедектігі бар адамдар еңбек ететін «Лезихин Е. Н.» ЖК мен «Қолғанат – Қарағанды» ЖШС-нен түскен өтінімдер талқылаумен қаралып, комиссия мүшелерінің оң ұсынысын алды.
Бекітілген Ережелерге сәйкес бұдан әрі құжаттар тізілімге енгізу жөнінде шешім қабылдау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне жолданды.