ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталиннің төрағалығымен кеңейтілген отырыс өтті.
Оған «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі және басқа да аумақтық кәсіподақ бірлестіктері мен салалық кәсіподақтар орталық комитеттерінің басшылары қатысты.
Отырыс барысында әлеуметтік-еңбек саласын жақсарту, зейнеткерлік жасты төмендету, жұмысшыларға қолайлы еңбек жағдайларын жасау, еңбекақы жүйесін заңнамалық деңгейде сапалық жағынан жетілдіру, кәсіподақ мүшелерінің еңбек құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша өңірдегі кәсіподақ төрағаларының бірқатар ұсыныстары тыңдалды.
Сонымен қатар, ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталиннің әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссияның ағымдағы жылдың 20 қаңтарында өткен отырысында ұсынылған еңбекақы жүйесін заңнамалық деңгейде жетілдіру мәселелері талқыланды.