Ревакцинация – инфекциядан қорғану жолы

Павлодар облысы кәсіпорындарының еңбек ұжымдарында қайта вакцинациялау рәсімі басталды.

“ERG Service” ЖШС жұмыскерлері тікелей кәсіпорында қайта вакцина ала алады. Ол үшін медициналық денсаулық сақтау пунктінде барлық қажетті жағдайлар жасалған. Ревакцинацияланғысы келетін әрбір қызметкер қажетті медициналық бақылаудан өтеді: температураны, қысымды өлшеу, медициналық тексеру және өз таңдауы бойынша ревакцинацияға арналған вакцинаны анықтайды.

“ERG Service” ЖШС кәсіпорнында тиімді әлеуметтік әріптестіктің арқасында қызметкерлердің вакцинациядан және ревакцинациядан өтуі үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Ревакцинацияны тікелей жұмыс орындарында қолдану өте ыңғайлы. Қажетті медициналық тексеруден өткеннен кейін ревакцинацияны алу қысқа уақытты алады, бұл барлық қызметкерлер үшін ыңғайлы және қауіпсіз”, – деп атап өтті “ERG Service” ЖШС бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы О.Корягина.

2021 жылдың қорытындысы бойынша бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі республикалық “Парыз” байқауында “ERG Service” ЖШС кәсіпорынның ұжымдық шарты Үздік ұжымдық шарт деп танылды.
Сервистік компанияда Ұжымдық шарттың редакциясын қалыптастыру кезіндегі негізгі мақсат – қызметкерлердің нақты мүдделері мен қажеттіліктері туралы идеяны ескеру.