2022 жылғы 25 қаңтарда ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің “Татуласу орталығының” басшысы, кәсіби медиатор, сот жүйесінің ардагері, Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі М.Иванова және Павлодар қалалық сотының судьясы В.Шевкенко “HALYQ RADIOSY” (100.5 FM) тікелей эфирінде “Азаматтық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру және дауларды соттан тыс және сотқа дейінгі реттеу институттарын дамыту мәселелері жөніндегі заңнаманың ережелері” тақырыбында сөз сөйледі.
Павлодар қалалық сотының судьясы В.Шевченко істердің соттылығы және істің соттылығына жатпайтындығы туралы тараптардың арыздарын шешу тәртібі, талап қоюды қабылдау кезінде дәлелдемелерді ұсыну тәртібі және оларды сотқа дейінгі хаттамада бекіту, ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің “Оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу” тарауына өзгерістер енгізу туралы айтып берді.
Павлодар облысы кәсіподақтар аумақтық бірлестігінің “Татуласу орталығының” басшысы М.Иванова “Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы” ҚР Кодексіне соттан тыс тәртіппен жасалған алимент төлеу туралы келісім жасасу мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін айтты.
Қазіргі уақытта соттан тыс нотариуста алимент төлеу туралы келісім, медиатордың қатысуымен дауды (жанжалды) медиация арқылы реттеу туралы келісім және адвокаттардың, сондай-ақ заң консультанттары палатасының мүшелері болып табылатын адамдардың қатысуымен алимент төлеу туралы дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасуға болады.
Келесі өзгеріс азаматтық хал актілерін жазу органдарында неке бұзуды тіркеу тәртібіне қатысты болды. Өзгерістер енгізілгеннен кейін “Егер ерлі-зайыптылардың бірі некені бұзу туралы өтінішті қайтадан бергеннен кейін некені бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін тіркеуші органға келе алмаса, онда некені бұзу оның некені бұзуға нотариат куәландырған келісімі болған кезде ол болмаған кезде жүргізілуі мүмкін”.
Өзгерістер “Нотариат туралы” ҚР Заңына қатысты болды: Нотариустың атқарушылық жазбасы негізінде қызметкерге есептелген, бірақ төленбеген жалақы мен өзге де төлемдердің, соның ішінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы аударымдарын өндіріп алу берешектері өндіріп алынады.
“Медиация туралы” ҚР Заңына өзгерістер енгізілді: медиацияны қолдану аясы кеңейтілді; уәкілетті органның құзыреті толықтырылды; медиатордың қызметі кәсіби негізде (кәсіпқой медиатор), сондай-ақ қоғамдық негізде (қоғамдық медиатор) жүзеге асырылуы мүмкін; медиатордың құқықтары мен міндеттері нақтыланды; медиацияны жүргізу тәртібі мен тәсілдеріне өзгерістер енгізілді: оның ішінде телефон арқылы әңгімелесу, бейне-конференц-байланыс арқылы, электрондық хабарламалар алмасу арқылы рұқсат етілді; қылмыстық сот ісін жүргізу барысында азаматтық, еңбек, отбасылық, әкімшілік құқықтық қатынастар саласында медиацияны жүргізу тәртібі нақтыланды.
“HALYQ RADIOSY” (100.5 FM) тікелей эфиріне қатысу заңнама ережелерін түсіндіру үшін тыңдаушылар аудиториясын кеңейтуге мүмкіндік берді.