Кәсіподақ өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының жобасын талқылауға қатысты

Салалық кәсіподақ бірлестіктері филиалдарының өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа саясатты талқылау бойынша Павлодар облысының әкімдігімен бірлесіп өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ұйымдастырған диалог алаңына қатысты.

Іс-шараға Павлодар облысының әкімі Ә.Сқаков, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің облыстық департаментінің басшысы Е.Баянғазин, индустриялық кәсіпорындардың басшылары, шағын және орта бизнес өкілдері, шаруа қожалықтарының басшылары, қалалар мен аудандардың әкімдері, прокуратура мен экономикалық тергеу қызметінің өкілдері, кәсіподақ бірлестіктерінің өкілдері қатысты.

Кездесу қатысушыларына Павлодар облысының әкімі Ә.Сқақов Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының жаңа тұжырымдамасының негізгі мақсаттарын, міндеттері мен іске асырылу кезеңдерін атап өтті.

Диалог алаңында бизнес өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы одан әрі жаңғырту туралы айтты.

Кездесуге қатысушылар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының түпкілікті редакциясын қалыптастыру кезінде зерделеу және есепке алу үшін орталық аппаратқа жіберілген Тұжырымдаманың әрбір тармағына қатысты өз пікірлері мен ұсыныстарымен бөлісті.