«Атамекен» ӨКП алаңында кәсіпкерлердің өтініштері қаралды

Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы, облыстық мәслихаттың әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Д.Айтжанова Павлодар облысының «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасы алаңында ұйымдастырылған асханалық мектептерді жалға алушы кәсіпкерлермен жұмыстық кездесуге қатысты.

Кездесуде Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының м.а. С.Әубәкіров, Облыстық білім беру басқармасының, Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының, Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің, облыстық прокуратураның өкілдері қатысты.

Кәсіпкерлер мектеп асханаларының үй-жайлары мен жабдықтары үшін жалдау ақысының мөлшерлемесін төмендету, коммуналдық қызметтер үшін шығыстарды қайта есептеу, бір оқушыға тамақтану құнының төмендігі, жиі тексерулер бойынша мәселелерді шешу үшін көмек сұрады.

«Павлодар облысында 2020 жылдан бастап 1-4 сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Бір мектептегі түскі ас құны 2021 жылы орта есеппен 300 теңгені құраса, 2022 жылы инфляцияның 5%-ын ескере отырып, 315 теңгені құрады. Бүгінгі таңда бірыңғай мәзір жоқ, барлық мектептерде ыстық тамақ дайындалуда, оның құнына бірінші, екінші, үшінші тағам немесе бір тағам мен нан өнімі кіруі мүмкін, тамақтану сапасын бағалау мониторингі жүргізіледі», – деп атап өтті Облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Г.Баширова.

Қойылған мәселелерді талқылау қорытындысы бойынша Облыстық білім беру басқармасына мектеп асханаларын жалға алушылармен бірлесіп 1-4 сынып оқушылары үшін тегін тамақтанудың бірыңғай мәзірін әзірлеу ұсынылды. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы тегін тамақтану құнын ұлғайту мүмкіндігін қарастыру қажет.

Облыстық мәслихат әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысына тауарлар мен көрсетілетін қызметтер бағасының өсуін ескере отырып, тегін тамақтандыруды ұлғайту туралы мәселе шығару ұсынылды.

Карантиндік шараларды енгізу кезінде жалдау ақысынан босату мәселелері бойынша бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес қаржы басқармасына карантиндік шараларды енгізу кезеңінде жалпы білім беретін мектептердегі асханаларды орналастыру және жабдықтау үшін жалдау ақысынан босату туралы мәселені қарастыру ұсынылды.

Мектеп асханаларын жалға алушылар көтерген жиі тексерулер туралы мәселе бойынша Облыстық білім беру басқармасына мектеп асханаларын жалға алушылармен ведомствоаралық мониторингтік топтың жұмысы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу, қоғамдық бақылау топтары үйлестірушілерінің, қамқоршылық кеңесінің оқушыларды сапалы тамақпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша келісілген жұмысын ұйымдастыру ұсынылды.