ҚР Кәсіподақтар федерациясының ұсыныстарына қолдау білдірді

«Павлодар облысы бойынша «Қазметаллкәсіп» тау-кен металлургия салалық кәсіптік одағы» ҚБ бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, «Қазхром «ТҰК» АҚ Ақсу ферроқорытпа зауыты кәсіподақ ұйымының төрағасы Н.Сухотерин, Қазақстан электролиз зауытының кәсіподақ ұйымының төрағасы Л.Клименко, «Қазақстан алюминийі» АҚ кәсіподақ ұйымының төрағасы М.Уәлиханов, «KSP Steel» ЖШС ӨФ кәсіподақ ұйымының төрағасы С.Аскеева Павлодар облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі ұйымдастырған әлеуметтік-еңбек саласы мәселелерін талқылау бойынша жұмыс кездесуіне қатысты.

Павлодар облысы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Д.Айтжанова кездесуге қатысушыларды Премьер-министрдің орынбасары Е.Тоғжановтың төрағалығымен өткен Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссия отырысында ҚРКФ төрағасы С.Дәулеталин ұсынған  заңнамалық деңгейде еңбекақы төлеу жүйесін сапалы жетілдіру бойынша, сондай-ақ ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ҚР Еңбек кодексіне жалақыны индекстеу, басшылар мен қатардағы қызметкерлер жалақысының шекті арақатынасын белгілеу, ЕТЖ, еңбекақы төлеу жүйесін белгілеу, жалақы төлеу тәртібі, ұжымдық шарттың мазмұны, жұмыскерлердің кәсіпорынды басқаруға қатысуы бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қатысты Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының ұсыныстарымен таныстырды.

Павлодар облысы бойынша «Казметаллкәсіп» салалық тау-кен металлургия кәсіптік одағы» ҚБ төрағасының орынбасары Р.Даумова өз сөзінде тау-кен металлургия саласы кәсіпорындарының еңбек ұжымдарының тұрақты жұмысын, әлеуметтік әріптестік шеңберінде әлеуметтік-еңбек саласы мәселелерінің шешілуін атап өтті.

Күн тәртібіндегі мәселелерді талқылау барысында «Қазақстан алюминийі» АҚ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы М.Уәлиханов «Қазақстан алюминийі» АҚ жұмысшы мамандықтары қызметкерлерінің еңбекақысын ағымдағы жылы 20-35%-ға арттыру жоспарланып отырғаны және әлеуметтік әріптестік шеңберінде жаңа ұжымдық шарт қабылдау туралы бөлісті.

«Өңірде еңбек дауларының туындауының алдын алу, келісу комиссияларының рөлін күшейту, сындарлы әлеуметтік әріптестікті дамыту, ұжымдық шарттардың тиімділігін арттыру, медиация идеясын ілгерілету және келіссөздер үстелінде даулы жағдайларды шешу бойынша жұмысты одан әрі де жүргізу қажет. Бұрынғыдай, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға қоғамдық бақылау жүргізу, өндірістік жарақаттанудың алдын алу бойынша шаралар қабылдау қажет», – деп атап өтті өз сөзінде Д.Айтжанова.

Жұмыстық кездесудің қатысушылары Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының тиімді және уақтылы бастамаларына қолдау білдірді.