Жастар жаңа жобаларды қолға алмақ

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы жанындағы Жастар кеңесіне мүшелік ететін Жезқазған аймақтық білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының заңгері Дархан Жақыпбекұлы онлайн форматта өткен отырысқа қатысты.

Еліміздің әр өңірінен жиынға қосылған кәсіподақтың жас белсенділері биыл жүзеге асуы тиіс мақсат-міндеттерді талқылады. Сонымен бірге, Мемлекет көшбасшысы Қ.Тоқаевтың бастамасымен бекітілген Балалар жылы аясында бірқатар шаралар ұйымдастыруды, әлеуметтік әріптестікті одан әрі нығайта отырып, білім саласының жас мамандарына қолдау танытудың бірнеше жолын ұсынды.

Келелі кездесуде жастардың ұсынысы бойынша қабылданған игі шаралар жоспары көп күттірмей жүзеге асады.