«Табысты адам – гүлденген Қазақстан» тақырыбында диалог алаңы өтті

Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің «Келешек» жастар кеңесінің төрайымы, Павлодар қалалық мәслихатының депутаты Гүлзира Атабаева №10 кітапхананың коворкинг-орталығында Павлодар қаласының №24 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушыларымен және сынып жетекшісі Р.Смаиловпен «Ерте кәсіптік бағдарлау» тақырыбында диалог алаңында кездесті.

Спикер оқушыларға өзінің еңбек жолы, таңдаған мамандығы, жұмысшы мамандықтарының, техникалық мамандықтардың қажеттілігі туралы айтып берді.

Г.Атабаева жастарды жұмыспен қамтуды қолдаудың мемлекеттік шаралары туралы айтып, «Бірінші жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» жұмысқа орналастыру бойынша қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалардың ережелерін түсіндірді, ұжымдық шартта, оның ішінде жас қызметкерлер үшін кәсіпорындарда құрылатын әлеуметтік пакеттер туралы айтты.

«Бірінші жұмыс орны» бағдарламасы жұмысқа 29 жастан аспаған жастарды қолдау үшін алғаш рет жұмыс іздеп жүрген колледждер мен жоғары оқу орындарының түлектеріне арналған. Артықшылық көпбалалы және аз қамтылған отбасы мүшелеріне, еңбекке қабілетті мүгедектерге беріледі. Жұмыс беруші Халықты жұмыспен қамту орталығымен қызметкердің бірінші жұмыс жылы үшін 20 АЕК мөлшерінде ай сайынғы еңбекақысын субсидиялай отырып, «Еңбек» бағдарламасына қатысушыны кемінде 24 ай тұрақты жұмысқа орналастыру жөнінде шарт жасасады.

Орындалатын жұмыстың көлемі мен күрделілігіне қарай жұмыс беруші өз қаражаты есебінен, қажет болған жағдайда, нақты орындалған жұмыс үшін қосымша үстемеақы белгілейді.

«Ұрпақтар келісімшарты» бағдарламасы үміткерді мемлекет субсидиялайтын орынға 6 айға дейін жалақымен жұмысқа қабылдайды. Тағылымдама барысында үміткерге 20 АЕК көлемінде жалақы төленеді. Тағылымдама аяқталғаннан кейін жұмыс беруші зейнеткерлікке шығатын адамның босаған лауазымына сәйкес тұрақты жұмысқа үміткерді қабылдайды.

Кездесу барысында оқушылар тарих пәнінің мұғалімі, медицина қызметкері, техникалық мамандық таңдау кезінде алған артықшылықтарымен бөлісті.

Кездесу мектеп түлектерінің болашақ еңбек жолын таңдауға арналған бастапқы алаң болды.

«Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің «Келешек» жастар кеңесінің қоғамдық қызметінің бағыттарының бірі оқушыларды кәсіптік бағдарлау бойынша ақпараттық және түсіндіру жұмысын көрсету болып табылады. Біз оқушыларды ерте кәсіптік бағдарлау – еліміздің табысты болашағының кепілі екеніне сенімдіміз», – деп атап өтті Гүлзира Атабаева.