Мыңжасар Асқаров – «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Түркістан облысы Созақ аудандық филиалының төрағасы. Түркістан облысы Созақ ауданы Шолаққорған елді мекенінде туған жоғары білімді кұрылысшы – сәулетші. Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі. Созақ ауданының кұрметті азаматы, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері. Аудан қаламгерлерінің ұйымы Құлыншақ Кемелұлы атындағы шығармашылық бірлестіктің төрағасы, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін» құрмет белгісінің иегері. Кәсіподақ қызметін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа кеңінен көрсету жөнінде Оңтүстік Қазақстан облысы журналистері арасындағы «Кәсіподақ қаламгері» байқауының 2015 жылғы жеңімпазы. 2011 жылғы мамыр айынан бастап «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Түркістан облысы Созақ аудандық филиалының төрағасы қызметін атқаруда.
Еңбек жолын 1971 жылы Шымкент қаласында «Чимкентсельстрой» тресінің инженер-конструктор болып бастаған. 1994-2011 жылдары Шолаққорған селолық округінің әкімі қызметтерін атқарған. Мыңжасар Асқаров шын мәнінде Теріскейге ту тіккен тұлғалардың бірі. Қоғамдық өмірде белсенді, саяси сауатты, іскер, талапты басшы ретінде танылған азамат. Еңбекке араласқан сәттен бастап барлық күш жігерін елдің дамуы үшін, халықтың тұрмыс тіршілігінің жақсаруына арнаған. 1977 жылдан аудан орталығына сәулетті ғимараттар тұрғызу, көшелерді реттеу, абаттандыру көркейту жұмыстарында да елулі үлестер қосты.
Ауданның архитектуралық бейнесі мен бас жоспарын жүргізді. Тұрғын үй-91 программасын жүзеге асыруда аудан көлемінде көптеген жұмыстар атқарған. Білікті, іскер, принципті, талапшыл басшы, әрі сәулетші болып танылған. Қайда қызмет атқарса да кәсіподақ қозғалысына белсенді араласып, яғни еңбек адамына қолдау көрсетіп келе жатқан азамат. Қаратау, Созақ, Шолаққорған әкімшіліктеріне қарасты Күмісті, Ынтымақ, Қошқарата, Жосалы су қоймаларын салып пайдалануға берсе, Шолаққорған селосы Ақшам мөлтек ауданынан көпқабатты тұрғын үй және әлеуметтік обьектілер салып халық игілігіне берген.
Қазақстан Республикасының «Кәсіптік одақтар туралы» заңын түсіндіруде үлкен жұмыстар атқарып келеді. Ауданда өткізілетін кәсіподақ іс-шараларының белсенді ұйымдастырушы, мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік жағынан қорғалуы, олардың еңбектерінің кәсіподақ ұйымы тарапынан ынталандыру және т.б. құнды ұсыныстармен шығып, олардың орындалуына өзі тікелей араласып, басқарып келеді.
Ауданда кәсіподақ жұмысын насихаттап, кәсіподаққа мүшелікке тарту жұмыстарын түсіндіруде үлкен нәтижелі жұмыстар атқаруда. Нәтижесінде кәсіподақ мүшелері артуда. Жастармен тығыз байланыста. Жастарды Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуге арналған «Ұлт тағдыры – ұрпақ тәрбиесі» атты оқу-әдістемелік кітабы жарыққа шығысымен, оқырмандарының саны артып, аудан әкімінің өтінішімен клубтарда, мектептерде жас ұрпақпен кездесулер өткізді.
Сонымен қатар, таланты терең тамыр жайлаған өнерде ойып алар орны бар, тума талант иесі. Туған ел, жер жайлы, тіршілік тартысы, дүние қозғалысы, толғаныстар жайлы “Ақ жауын”, “Қайта оралған көктем”, “Құлагер “, ” Нұрлы жаңбыр”, ” Ер Едіге”, «Өмір Керуен», «Ұрпақ тәрбиесі ұлт тағдыры», «Ұлы дала мәңгілік ел», «Отбасы құндылықтары» атты кітаптарының «Күзгі бақтың мәуесі» өлеңдер жинағының авторы.
Прозада “Зейнеп”, «Әке туралы», «Тосын сыйлық» атты туындылары жарық көрсе, Мұхтар Мағауиннің Аласапыран романынан “Созақтағы кеңес”, М. Әуезовтің “Абай жолы” романынан Құнанбайдың белгісі, “Үміттің өлімі”, “Қайдасың көріпкел – Қауғашпай!” «Ана махаббаты» атты әдеби көркем драмалық қойылымдары сахна төрінен түскен емес. Қазақ ауыз әдебиетінің өрен жүйрігі Кұлыншақ Кемелұлы және Тамыры терең жауқазын атты алаштың арысы Нәзір Төреқұлұлы атты әңгімелері көпке танымал. Едіге танушы.