Қызылордада “Сенім” кәсіподағы бастауыш ұйымдарының есеп беру науқаны басталды

«Senim» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлері кәсіподағы Қызылорда облыстық филиалына қарасты бастауыш ұйымдарда кәсіподақ ұйымы жұмысы туралы есеп беру науқаны басталды.

Кәсіподақ ұйымы жұмысының кәсіподақ мүшелері арасында ашықтығы мен жариялығы қағидаттарын ұстанған салалық кәсіподақта жыл басында алғашқылардың бірі болып Көпбейінді қалалық ауруханасының бастауыш кәсіподақ ұйымы төрайымының есебі тыңдалды.

318 кәсіподақ мүшесі біріккен бастауыш кәсіподақ ұйымы төрайымы Ж.Агаидарова жиынға қатысушылармен 2021 жылы атқарылған іс-шаралар бойынша ақпаратпен бөлісіп, бастауыш ұйымда жинақталған, жыл бойында жұмсалған қаржы есептері жайлы мәлімет берді. Кәсіподақ төрайымы 2022 жылға жоспарланған іс-шараларды да атап өтіп, кәсіподақ мүшелерінің пікірлерін тыңдады. Жиналысқа қатысушы кәсіподақ мүшелері бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысына қанағаттандырарлық деп баға берді.