«KSP Steel» ЖШС бастауыш кәсіподақ ұйымы кәсіподақ мүшелерінің мүдделерін қорғайды

«KSP Steel» ЖШС – мұнай-газ саласына арналған жіксіз болат құбырлар шығаратын алғашқы қазақстандық кәсіпорын, онда бастауыш кәсіподақ ұйымы белсенді жұмыс істейді.

2007 жылы құрылған кәсіпорын шикізаттан дайын өнімге дейінгі өндірістің аяқталған циклына ие. Компания өнімі құбырлар құрылысында, мұнай-газ өндіруші және геологиялық барлау компанияларының нысардарына, Қазақстанның машина жасау және өнеркәсіп кәсіпорындарында табысты пайдаланылады.

2020 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурста «KSP Steel» ЖШС «Үздік инновациялық жоба» арнайы сыйлығымен марапатталды.

2022 жылғы 31 қаңтарда «KSP Steel» ЖШС-де кезектен тыс есеп беру-сайлау кәсіподақ конференциясы өтті. Конференцияға кәсіподақ мүшелері – делегаттар, бас директордың м.а. Қайролла Ғабасұлы және «Қазметаллкәсіп» салалық тау-кен металлургия кәсіптік одағы» ҚБ төрағасының орынбасары Раушан Жұмабайқызы қатысты.

Кәсіподақ комитетінің есепті кезеңдегі жұмысының нәтижелері туралы төрайым Сәулеш Алдешқызы айтып берді. Есептік баяндамада ұжымдық шарт жасасу бойынша әлеуметтік әріптестік нәтижелері, еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың қоғамдық бақылау жүргізу мәселелері атап өтілді, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды, еңбек ардагерлерін қолдау бойынша кәсіподақтардың қоғамдық қызметі көрсетілді.

Есеп беру-сайлау конференциясында С.Аскеева құрметті демалысқа шығуына байланысты өкілеттіктерін беру туралы жариялады. Бастауыш кәсіподақ ұйымының жаңа төрағасы болып Аралов Ермек Абайұлы сайланды. Көп уақыт бойы Е.Аралов еңбекті қорғау жөніндегі бас техникалық инспектор ретінде қоғамдық кәсіподақ қызметімен айналысты, кәсіподақ қызметінде үлкен өтілі бар.

«Қазметаллкәсіп» салалық тау-кен металлургия кәсіптік одағы» ҚБ өкімі бойынша көп жылдық қоғамдық еңбегі және кәсіподақ қызметіне қосқан үлесі үшін Әскеева Сәулеш Алдешқызы «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Есеп беру-сайлау конференциясын қорытындылай келе, қатысушылар Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының алға қойған міндеттерін орындау шеңберіндегі әлеуметтік әріптестік жылына арналған бірқатар мәселелерді талқылады.