Кәсіподақ қоғамдық бақылау жүргізді

Шалқар аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы 2021-2023 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы Келісімнің негізінде аудандағы бірқатар білім беру ұйымына қоғамдық бақылау жұмысын жүргізді.

Шалқар аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрайымы Г.Құлекенова №3, 4, 6, 8 жалпы білім беретін мектептерде, №2 мектеп-гимназиясы, № 5 мектеп-лицейі, І.Үргенішбаев және Ә.Жангелдин атындағы орта мектептерде, «Бәйтерек» бөбекжай-бақшасы мен «Балдырған» санаторлық бөбекжай-бақшасында, аудандық көркемсурет лицейі, Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы саз мектебінде болып, еңбек заңнамасының орындалуын тексерді.

Білім беру мекемелеріндегі еңбек кітапшалары мен еңбек шарттарының жүргізілуі, ұжымдық шарт талаптарының орындалуына жіті назар аударды. Сондай-ақ, сұрақтарға жауап беріп, әдістемелік көмек көрсетті.