«Ақтөбе орман шаруашылығы» мекемесінің жұмысшыларынан құралған бастамашыл топ Кәсіподақтар орталығына келіп, жалақыларының төмен екендігін жеткізді.
Олар жалақылары заңмен бекітілген тарифке байланысты болғасын, жалақыларының өспей тұрғандарын, ұжымдық келісім шартта қосымша төлемақы қарастырылмағанын айтып, Кәсіподақтар орталығы мен ҚР Ауыл шаруашылығы қызметкерлері салалық кәсіподағы Ақтөбе филиалынан сауалдарын шешуге жәрдем сұрады.
Кездесуде оларға ұжымдық дауды заң бойынша шешу керектігі жан-жақты түсіндірілді. Жұмыс беруші мен жұмысшының арасында Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қатынастарын реттейтін ұжымдық шарт бар. Сол ұжымдық шарт арқылы еңбек адамының құқығы реттеліп отырады. Кәсіподақ еңбек құқықтарының бұзылмауын, еңбек қауіпсіздігінің заң аясында сақталатынын қадағалайтынын жеткізді.