Павлодарда аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Д.Айтжанова облыстық мәслихат депутаттары құрамында азаматтарды қабылдады.
Қабылдау барысында «СемСер Өрт сөндiрушi» ЖШС филиалының өрт және газ қауіпсіздігі жасағы қызметкерлерінің әлеуметтік желілер арқылы келіп түскен «ПМХЗ» ЖШС нысандарын күзету жөніндегі өтініштері қаралды. Өз өтінішінде қызметкерлер жоғары жалақы белгілеуге көмек көрсетуді сұрады.
Қызметкерлердің өтінішінен алынған мәліметтер бойынша жалақы мөлшері 2018 жылдан бері көтерілмеген, сыйлықақы төленбейді, оның ішінде жыл қорытындысы бойынша, бұл жұмыстан шығаруға, кадрлардың кетуіне әкеледі. Өтінішті «СемСер Өрт сөндiрушi» ЖШС Павлодар филиалының директоры Б.Закирьянов, Павлодар облысы Еңбек басқармасының басшысы А.Қапанов, облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы А.Дисюпова қарады.
Өтінішті қарау қорытындысы бойынша «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының депутаттық фракциясының мүшелері осы мәселені әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның таяудағы отырысында қарауға бастамашылық жасауға шешім қабылдады.
Қабылдау сұрақтарының бірі ретінде депутаттар таңертең және кешке Ақсу қаласында №3 автобус маршрутының қосымша рейстерін енгізу туралы өтініш берушілердің өтініштерін қарады. Аталған мәселені қарауға «Еуроазиялық энергетикалық корпорация» АҚ әлеуметтік мәселелер жөніндегі менеджері, қалалық мәслихат депутаты В.Носик, қала әкімінің орынбасары М.Зенов, Ақсу қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А.Айдарханов, «Nur Otan» партиясы Ақсу қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Нұркенова қатысты.
Өтінішті қарастыру қорытындысы бойынша Ақсу қаласы бойынша қосымша автобус маршруттарын ашу мәселесі депутаттық бақылауға алынды.