Қарағанды облысында бастауыш кәсіподақ ұйымдарына әдістемелік көмек көрсетіп, тәжірибемен алмасу мақсатында апта сайын өтетін бақылау және кеңес беру күні өткізіледі. Бүгін бұл шаралар №23 балабақшада өтті.
«Жезқазған аймақтық білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ-ның Сәтбаев қалалық білім қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Гульнар Ильясова БКҰ төрайымы Венера Құрманхожаевамен кездесіп, оның іс-қағаздарды жүргізу, кәсіподақ мүшелерінің өтініштерін қабылдау реттілігін қарады. Сонымен қатар, 42 мүшесі бар бастауыш кәсіподақ ұйымының техникалық бұрышының талаптарға сай келуін тексеріп, ондағы құжаттармен жіті танысты. Бастауыш кәсіподақ ұйымының жылдық жоспарымен танысып, бірқатар ұсыныстар енгізді.
Білім және ғылым қызметкерлерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауды мақсат тұтатын кәсіподақ ұйымдарының жұмысын ілгерлету, сондай-ақ ұжымдарда кәсіподақтың оң имиджін қалыптастыруға бағытталған мұндай форматтағы жұмыстар әлі де жалғасын таппақ.