Әлеуметтік әріптес, Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Абсаттаровтың ұсынысымен әлеуметтік әріптестік жөніндегі қалалық үшжақты комиссияның осы жылдағы алғашқы отырысы қаладағы өндіріс орнында, яғни құю-механикалық зауытында өткізілді.
Оның үлкен себебі, кезектен тыс комиссия отырысын теориялық тұрғыда қарастырғаннан кейін, практикада еңбек адамына еңбек етуге жұмыс беруші тарапынан қолайлы жағдайдың қаншалықты жасалғанын көру еді.
Қаңтар айында бейбіт шеруге шыққан еңбекші халықтың көбі – «Қазақмыс» корпорациясына қарасты Жезқазған құю-механикалық зауыты, Жезқазған мыс қорыту зауыты, 1.2.3 Жезқазған байыту фабрикасы, «Транко Жез» ЖШС қызметкерлері, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» МК жұмыскерлері.
Қазіргі таңда еңбеккерлердің жалақыны көтеру және әлеуметтік пакеттер бойынша талаптары толығымен орындалды.