“Нұрлы Жол” вокзал кешенінің бастауыш кәсіподақ комитетінің және Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының ұйымдастыруымен “Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күніне” орай қайырымдылық акциясы өтті.
“Акция өткізудегі негізгі міндет – адамдардың өміріне араша болу үшін қоғамды ақысыз түрде қан доноры болуға шақыру. Әрбір азаматтың адам өмірін сақтап қалуына үлес қосу жүйелілігін қалыптастыру. Жыл сайын вокзал кешенінің қызметкерлері донорлық акцияға еркін түрде қатысады”, -дейді бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Бейімбет Ұлазбек.
Акция күні 44 адам қан тапсыруға ниет білдіріп, Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы дәрігерлерінің медициналық тексеруінен кейін 39 адам донор атанды.