Олимпиада дарындыларды анықтады

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданында мектеп психологтары арасында олимпиада өтті. Білім бәйгесі аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес кәсіподақ ұйымының демеушілігімен ұйымдастырылды. Олимпиада мектеп психологтарының кәсіптік біліктілігін анықтау және оларды ынталандыру, іскерлік шеберліктерін арттыру мақсатында өтті.

Сайысқа Әйтеке би ауданындағы барлық жалпы орта білім беру ұйымдарының педагог-психологтар қатысып, бақ сынасты. Олимпиада жеңімпаздарына кәсіподақ ұйымының төрағасы З.Бекетов және білім бөлімінің әдіскері Д.Әбдішайым алғыс хат пен мен сыйлықтар табыстады.

Білімі және шығармашылық қабілетімен ерекшеленіп, жеңіске жеткен Қарашатау орта мектебінің психологы Бибінұр Айтмырзақызы олимпиаданың облыстық кезеңіне жолдама алды.