№2 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының бастауыш кәсіподақ ұйымының есеп беру жиналысы өтті.
Кәсіподақ мүшелерінің алдында кәсіподақ ұйымының төрайымы Света Утарбаева атқарылған жұмыстар туралы ақпарат беріп, жұмсалынған қаржы бойынша есебін берді. Кәсіподақ мүшелері атқарылған жұмыстар есебі бойынша өз ой-пікірлерін білдіріп, ұсыныстар енгізді.
Жиынның күн тәртібіне сәйкес кәсіподақ ұйымы төрағасы, кәсіподақ ұйымының комитеті, тексеру комиссиясының құрамы жаңадан қайта сайланды. Үш жүзден аса кәсіподақ мүшелері бар бастауыш ұйымның төрағасы болып көпшілік дауыспен Болат Мұсаев сайланды. Кәсіподақ ұйымының жаңа төрағасы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының әлеуметтік жұмыстар жөніндегі маманы болып қызмет жасайды.