Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы А.Әмірғалиев пен Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің салалық кәсіподағы Ақтөбе облыстық филиалының жетекшісі Т.Сұлтанғалиев бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерімен кездесті.
Кездесу барысында жұмысшылар жалақыны көтеру туалы талап-тілектерін жеткізді. Оларға ұжымдық шарт арқылы қосымшалар енгізіп, төлемдерін өсіруге бар мүмкіндіктер заң аясында қарастырылатыны жеткізілді.
Қазіргі кезде Ақтөбе облысында орман шаруашылығы қорын кеңейту, қала маңында жасыл белдеу қалыптастыру, ағаштарды қору, екпелерді күтіп-баптау жұмыстары алда еңбеккерлерге көп жауапкершілік жүктеп отыр.
Кәсіподақ жұмыс берушілермен де кездесіп, өз тарапынан еңбек адамдарының құқығы мен мүддесін қорғауға барынша үлес қосуға дайын екендіктерін жеткізді.