Күн тәртібінде – азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіподақтар мен жұмыс берушілер арасында сындарлы диалог құру міндетін қойды, сондай-ақ билік пен қоғамды адал еңбек пен әділ еңбекақы төлеу идеологиясын ұстануға шақырды.

2021 жылдың қорытындысы бойынша өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы осындай міндеттер қойды.

Қазақстан Республикасының Президенті халықтың табысының төмендігі және кәсіпкерлікті қолдаудың әлсіздігі мәселелеріне алаңдаушылық білдірді.

«Миллионға жуық қазақстандық ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен жалақы алады, басқаша айтқанда, кедейлік шегінен төмен өмір сүреді. Ал Ұлттық статистика бюросының сайтында жаңартылған орташа айлық жалақы 268 мың теңгені құрайды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент бұл деректерді иллюзия деп атап, азаматтардың жалақының төмендігіне наразылығының орынды екенін атап өтті.

«Өкінішке қарай, соңғы уақытта халықтың табысы экономиканың жақсаруы есебінен емес, әлеуметтік аударымдар есебінен артты. Әлеуметтік жәрдемақы мен зейнетақымен ғана күн көріп отырғандар көп. Соңғы бес жылда халықтың жалпы табысындағы еңбек табысының үлесі 80 пайыздан 67 пайызға дейін төмендеді. Ал әлеуметтік аударымдар 17-ден 29 пайызға дейін өсті», – деп есептейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы жұмысшылардың наразылығы қайта басталған Маңғыстау облысындағы жағдайды күрделі деп атады.

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмысшылардың наразылықтарын тек әкімдіктердің қарауына қалдыруға болмайды деп санайды.

«Қабылданған шараларға қарамастан, еңбек ұжымдарының наразылығы артып келеді, бұл туралы ашық айту керек. Жұмысшылардың барлық талаптарын мұқият зерделеу керек. Олардың заңды мүдделерін сақтау керек», – деп тапсырды Мемлекет басшысы.

Бұл ретте әлеуметтік-еңбек қатынастарын тұрақтандыруда еліміздің кәсіподақтарының алатын орны ерекше атап өтілді.

«Жұмыслердің барлық талаптарына мұқият қарау керек. Олардың заңды құқықтары мен мүдделері сақталуы тиіс. Кәсіподақ жетекшілерімен және жұмыскерлері ереуілге шығып жатқан кәсіпорын басшыларымен сындарлы диалог орнату қажет. Еңбеккерлерге барлық қабылданған шешімдерді дұрыс әрі нақты түсіндіру керек», – деді Мемлекет басшысы.

Наразылық білдірушілердің мәселелерін шешу үшін Мемлекет басшысы Үкімет пен «Самұрық-Қазына» қорының өзара іс-әрекетін күшейтуді, қажет болған жағдайда Маңғыстау облысына арнайы үкіметтік комиссия жіберуді тапсырды.

«Қазіргі кезеңде азаматтарымыздың әл-ауқатын жақсарту, табыстарда алшақтықты жою, лайықты еңбек жағдайлары бар жұмыс орындарын құру Үкіметтің басты міндеті болуы керек. Біз бәріміз халықтың игілігі үшін еңбек етуіміз тиіс», – деді Президент.

Ол билік пен қоғамды адал еңбек пен әділ еңбекақы төлеу идеологиясын ұстануға шақырды, бұл компрадорлардың, уақытша жұмысшылар мен асыраудағылардың дүниетанымын алмастыруы тиіс.

Сонымен қатар, шағын кәсіпкерлікті қолдауға қатысты жекелеген тапсырмалар берілді. Мемлекет басшысы «Атамекен» ұлттық палатасына шағын кәсіпкерлерді мүшелік жарнадан босатуды тапсырды.

«Кәсіпкердің қолдау іздеп «әкімнің соңынан жүгірген» бейнесі ұмыт қалуы керек. Орын ауыстыратын кез келді. Көбінесе кәсіпкерлік бастаманы тоқтатып, кедергі келтіретін де әкімдер. Бұл келеңсіздікті тез арада тоқтату керек. Аудан әкімдерінің алдына нақты міндеттер қойылды. Олардан жыл сайын әрбір 10 000 тұрғынға кемінде 100 жұмыс орнын құру талап етілу керек. Енді біз жұмыс тәсілін өзгертеміз. Кәсіпкерлер әкімнің артынан жүгірмеуі керек. Керісінше, әкім инвесторларды тартуға күш салуы керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Сараптамалық кеңесінің төрағасы Екатерина СМЫШЛЯЕВА ел Президенті алға қойған міндеттерді жүзеге асыру барысы туралы өз көзқарасымен бөлісті.

Депутат жұмыс орындарын құру критерийі әкімдер жұмысының тиімділігінің, кәсіпкерлікті қолдау және жұмыспен қамту шараларының жүзеге асырылуының көрсеткішіне айналады деп есептейді.

«Бұл мәселелер Парламенттің әртүрлі алаңдарында Үкіметтің бюджеттің атқарылуы туралы есептері аясында бірнеше рет талқыланды. Олардың айтуынша, салық саласында да, жұмыспен қамту саласында да «әлеуметтік өнімі» өте төмен бизнес-бастамалар қаржыландырылатыны анықталды», – деді Екатерина Смышляева.

Депутат атап өткендей, құрылған жұмыс орындарының көрсеткіштері жиі асыра көрсетіледі, өйткені бірнеше бағдарлама әкімшілері өз есептерінде бір жұмыс орны бойынша мәлімдейді.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Есеп комитеті мен СЖиРА әзірлеген есеп жүйесі жұмыс орындарының нақты көрінісін жасауға мүмкіндік береді.

«Индустрия министрлігі инвестициялық жобалар аясында, Экономика министрлігі кәсіпкерлік бағдарламалары аясында, Еңбек министрлігі жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету шаралары аясында. Құрылған жұмыс орындарының көрсеткіштері олардың сапасы ескерілмесе де, жиі асыра көрсетіледі. Есептерде уақытша жұмыс орындары, әлеуметтік жұмыс орындары және т.б. болады», – деді Екатерина Смышляева.

Оның пікірінше, жаңа тәсілді жүзеге асыру үшін Парламент есеп берудегі қайталануларды жою мақсатында әртүрлі мемлекеттік органдардың қолданыстағы ақпараттық жүйелерінде құрылған жұмыс орындары туралы деректерді басқарудың заңнамалық құралдарын әзірлеуі қажет.

Сонымен қатар, бөлінген қолдау қаражаты мен құрылған жұмыс орындарының саны туралы ақпаратты қамтитын ақпараттық деректер қорына Есеп комитетінің толық қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша шаралар кешенін қабылдау ұсынылады.

Депутаттың айтуынша, кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау қаражатының мақсатты жұмсалуын бақылауда жергілікті атқарушы органдардың құзыретін кеңейту қажет.

«Міндет оңай емес, біз оны цифрландыру туралы заң жобасы бойынша жұмыс аясында жүзеге асыруға тырысамыз», – деп қосты Екатерина Смышляева.

 

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының медиа орталығы