ҚР Кәсіподақтар федерациясы «Үздік шипажай» және «Үздік шипажай қызметкері» байқауын өткізу туралы хабарлайды

Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы «Үздік шипажай» және «Үздік шипажай қызметкері» байқауына қатысуға өтінімдер қабылдау туралы хабарлайды.

Байқаудың мақсаты – кәсіподақтық шипажайларды тұтынушыларға қызмет көрсетудің жоғары критерийлеріне сәйкес келетін қызмет көрсету сапасын арттыруға ынталандыру.

Байқау ұйымның сапаны басқарудың жоғары тиімді әдістерін енгізу шартымен өткізіледі.

Байқауға қатысуға Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының үлесі бар шипажайлар шақырылады.

Қатысуға өтінімдер және байқау жұмыстары байқау ережесіне сәйкес ағымдағы жылдың 29 сәуіріне дейін қабылданады.

Байқау жеңімпаздары 2022 жылдың қазан айында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар күнін мерекелеу қарсаңында жарияланады.

Байқауға қатысу мәселелері бойынша байланыс:

Өтінімдерді қабылдауға арналған электрондық пошта мекенжайы: Dua.okur@mail.ru

Анықтама үшін телефон: 8 705 168 25 77 – Хамитжанова Дария