Қазақстанға шетелдік жұмыс күшін тартуға квота қысқарды

Елімізге шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота 16% – ға 23 560 бірлікке дейін қысқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Еңбек министрлігіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының қаңтар айында берген тапсырмасын орындау елімізде тапшылығы сезілетін тар мамандық пен бейінді мамандардан басқа кәсіптердің барлық санаттарына қатысты.

«Квотаны бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 18 қаңтардағы №17 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрық ағымдағы жылғы 4 ақпанда қабылданды, оған сәйкес жергілікті атқарушы органдар үшін республика аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған 2022 жылға арналған квота 28 352-ден 23 560 бірлікке – 4 792 бірлікке (16%) қысқартылды.

Нәтижесінде 2022 жылы шетелден жұмыс күшін тартуға квота мынадай түрде 4 санатқа бөлінді: бірінші санат бойынша 1 243 рұқсат (басшылар және олардың орынбасарлары), екінші санат бойынша 6 499 рұқсат (құрылымдық бөлімшелердің басшылары). Рұқсаттардың негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше 11 110 және 2 396 бірлік. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 2 312 адам тартылуы мүмкін.

https://www.inform.kz/kz/kazakstanga-sheteldik-zhumys-kushin-tartuga-kvota-kyskardy_a3897492