Әлеуметтік әріптестікті жетілдіру – басты мақсат

Шығыс Қазақстан облысында “Әлеуметтік әріптестік жылы” аясында Зайсан аудандық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы мен аудандық білім бөлімінің бірлескен семинары өтті.

Семинарға барлық мектеп, балабақша, қосымша білім беру мекемелерінің директорлары мен бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысты. Семинар барысында Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау және жеке еңбек дауларын шешу туралы сұрақтар қаралды. Семинарға қатысушылар аталған сұрақтар бойынша өз тәжірибелерімен, ойларымен бөлісті.

Аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Қабиолда Сайранов Шығыс Қазақстан облыстық үшжақты келісім негізінде жасалған Зайсан аудандық әкімдігі, кәсіподақ ұйымдары және кәсіпкерлер палатасының филиалы арасында үшжақты келісімнің кейбір мәселелерімен таныстырып, қойылған сұрақтарға жауап берді.