Еңбек Ерін еске алуға арналған турнир

Қарағанды облыстық Кәсіподақтар орталығының төрағасы Болат Жұмабеков пен «KYZMET» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы Қарағанды облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ерсін Абдулманафов Қарағанды жеңіл атлетика манежінде Социалистік Еңбек Ері Яуда Мұсағалиевті және шахтер еңбегінің барлық батырларын еске алуға арналған жеңіл атлетикадан республикалық турнирдің ашылуына қатысты.

Турнирге 163 жас спортшы қатысты, олардың арасында Қазақстан Республикасының көптеген облыстарының, сондай-ақ Қарағанды облысының қалалары мен аудандарының өкілдері бар.

Сонау 80-ші жылдары Яуда Мұсағалиев Қарағанды қаласындағы №23, қазіргі Түсіп Күзембаев атындағы шахтада, «Қарағандыкөмір» көмір өндіру өндірістік бірлестігінде тау-кен қазу машиналарының машинисі болып жұмыс істеді.

Ол әрдайым барлық кеншілерге үлгі болды және өзінің қажырлы еңбегі үшін Социалистік Еңбек Ері атағына ие болды.

Қатысшылар жыл сайынғы турнирді ұйымдастырудағы еңбектері үшін Қарағанды облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының, жеңіл атлетикадан Олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің, «ҚАЗАҚ КӨМІР КӘСІПОДАҚ» Салалық кәсіподағының «Қорғау» көміршілер кәсіподағының, «АрселорМитталТеміртау» АҚ көмір департаменті Түсіп Күзембаев атындағы шахтасының ұжымдарына алғыстарын білдірді.