Павлодар қаласының Жастар бастамаларын дамыту орталығында облыс әкімі Ә.Сқақовтың қатысуымен жастар мәселелерін талқылау бойынша стратегиялық сессия өтті.
Іс-шара барысында жастардың мүдделерін қозғайтын бірқатар тақырыптар талқыланды: білім беру, қаржылық сауаттылық, жұмыспен қамту, бизнес, тұрғын үй, патриотизм, әскер, демалыс, отбасы мәселелері. Кездесуге қалалар мен аудандардан 60-қа жуық жас қатысты.
Қатысушылар арасында «Келешек» жастар кеңесінің төрайымы, Павлодар қалалық мәслихатының депутаты Гүлзира Атабаева Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі жастар буынының мүдделерін ұсынды.
«Жұмыспен қамту және бизнес» секциясында сөйлеген сөзінде ол ҚР Еңбек кодексіне өзгерістер енгізу арқылы жастарды қолдауға бағытталған шараларды әзірлеу бойынша, «Бастау» бизнес бағдарламасына жастарға жеңілдікпен кредит беру бөлігінде, жаңа жұмыс орындарын құру бойынша ұсыныстарымен бөлісті, кездесуге қатысушыларды өндірістегі кәсіпорындардың еңбек ұжымдарында жұмыс істеуге шақырды, олар еңбек жастарына қолдау көрсету шараларының әлеуметтік пакетін ұсыну арқылы жастарды тарту үшін жағдай жасады.