Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы Толыбай Жүсіпов «Аралтұз» акционерлік қоғамында бастауыш кәсіподақ ұйымы мүшелерімен кездесті.
Кездесу барысында кәсіпорынның кәсіподақ ұйымы төрағасы Төлеген Жайназаровқа зейнеткерлік жасқа келіп, құрметті демалысқа шығуына байланысты Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Мақсұт Нәлібаевтың құттықтауы табысталды. Құттықтауда кәсіподақ төрағасына аймақтағы кәсіподақ қозғалысын нығайтуға, еңбек адамының әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғау мен оның мүддесін ілгерілетуде жасаған жұмыстары үшін алғыс айтылып, құрмет білдірілді.
Сонымен қатар, құрметті демалысқа шыққан Төлеген Жайназаровтың өз өтініші бойынша еңбек ұжымының ұсынысымен бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағалығы кәсіподақ белсендісі Гүлнәз Кекілбаеваға уақытша тапсырылды.