Қызылорда облыстық мәслихатының Кәсіпкерлікті дамыту, жастар ісі және құқықтық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысы өтті. Комиссия төрағасы Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы, облыстық мәслихат депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Мақсұт Нәлібаев күн тәртібі бойынша 2021-2022 жылдар аралығында комиссия мүшелері тарапынан жолданған депутаттық сауалдар мен олардың орындалуы туралы мәселені ортаға салды.
Тұрақты комиссия отырысына облыстық басқарма басшылары қатысып, депутаттармен жергілікті атқарушы органдарға жолданған сауалдар бойынша қабылданған шаралар туралы ақпарат берді. Жиында депутаттық сауалдардың орындалуы барысы мен оның сапалы орындалуы және тиімді шешімдері ауқымды түрде талқыланып, тиісті ұсыныстар жасалды.