Жастар практикасы – жұмыс табуға мүмкіндік

Павлодар оқу орындарының 44 студенті «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ компаниялар тобында өндірістік және дипломалды ақы төленбейтін практикадан өтуде. Оның ішінде 22 студент ЖЭО-да, осынша студент «Павлодар ЭТК» АҚ-да еңбек етеді. Төртінші курстың тағы бір студенті «PROFENERGY» бағдарламасы шеңберінде ЖЭО-3-те ақылы практикадан өтіп, әрі қарай кәсіпорынға жұмысқа орналасты.

Компания тобының кәсіпорындарында жыл сайын Павлодар және Екібастұздың жоғары және орта оқу орындарының 300-ге жуық оқушысы өндірістік практикадан өтеді. Әрқайсысы кәсібін саналы түрде таңдаған, энергияның болашағының барына сенімді.

Кәсіпорында студенттер оқу орнында алған теориялық білімдерін бекітіп қана қоймай, сонымен қатар нақты жұмыс қызметі жағдайында кәсіби дағдылары мен икемдіктерін дамытады. Көбінесе оқудың дәл осы бөлігі түлектің болашақ мансабының бастауы болады.

«Өндірістік практика кезінде студенттердің алдына қойылатын негізгі міндеттер – бұл жоғары оқу орнында алған білімдерін бекіту және жалпылау; үрдістер технологиясын, кәсіби дағдыларды игеру», – дейді ЖЭО-2 турбиналық цех бастығының пайдалану жөніндегі орынбасары, практика кураторы Михаил Поликарпов. – Сонымен қатар, бізге болашақ мамандардың жұмысқа келуі үшін оларды қызықтыру маңызды».

Алайда, кәсіпорында бір жылдан астам уақыт жұмыс істеп келе жатқан «PROFENERGY» бағдарламасы болашақ маманды қызықтыруға көмектеседі. Ол жас мамандарды қолдауға бағытталған және оқу орындарының оқушылары мен түлектері үшін көптеген артықшылықтарды қарастырады.

«Мен ЖЭО-3-те диплом алдындағы практикадан «PROFENERGY» бағдарламасы бойынша өтемін. Бұл студенттер үшін өте қажет бағдарлама: өз біліміңді тәжірибеде қолданып қана қоймай, сол үшін жалақы да алуға болады, – дейді ИнЕУ-дің төртінші курс студенті Нұржан Сәбитов. – Оқу жылдарында мен «Жылу энергетикасы» мамандығын таңдаудым және жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін ЖЭО-ға маман ретінде ораламын деп шештім».

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ компаниялар тобының кәсіпорындарында қоғамдық кәсіподақ қызметін «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ «Жергілікті кәсіподақ» қоғамдық бірлестігі жүзеге асырады.