“Түркістан облыстық кәсіподақтар орталығы” аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төраға орынбасары Айдар Бахтыбаевтың төрағалығымен бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жас кәсіподақ мүшелерімен онлайн кездесу өтті.
Күн тәртібінде «Келешек» жастар кеңесін кеңінен насихаттау және алдағы уақытта өңірлік деңгейде ҚР Кәсіподақтар федерациясының жастар саясатын іске асыратын жас кәсіподақ мүшелері арасынан “Түркістан облыстық кәсіподақтар орталығы” аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің жанындағы «Келешек» жастар кеңесінің төрағасын тағайындау мәселелері қаралды.
Жиында “Түркістан облыстық кәсіподақтар орталығы” АКБ төрағасының орынбасары А.Бахтыбаев «Келешек» жастар кеңесінің жұмысы туралы мағлұмат берді. «Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы кәсіподақтардың жастар саясатын күшейту және жандандыру жөніндегі жүйелі жұмысқа ерекше назар аударады», – деді төраға орынбасары.
Сондай-ақ, онлайн кездесу барысында Түркістан облыстық кәсіподақтар орталығы жанындағы «Келешек» жастар кеңесінің төрайымы лауазымына ұсынылған Түркістан облысының автомобиль көлігі және жол кәсіпорындарының жергілікті кәсіподағының мүшесі Әйгерім Алиеваның кандидатурасы талқыға салынып, Кеңес мүшелерімен бірауыздан қабылданды.
Кездесу соңында жиынға қатысушылар жаңа сайланған кеңес төрайымына алдағы уақытта қызмет барысында ҚРКФ бағдарламаларын іске асыруда жұмысына сәттілік тіледі.