Шымкент қаласындағы «Отырар» телеарнасының «Пора вставать!» бағдарламасының кезекті түсіріліміне «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Руслан Ақжігітов қатысты.
Төраға орынбасары бағдарлама барысында кәсіподақ қызметі, оның тарапынан жасалып жатқан жұмыстарына тоқталып өтті. Бүгінгі күні Шымкент қаласының кәсіподақтар бірлестігінің құрамында 8 салалық кәсіподақ филиалдары және 7 жергілікті кәсіподақтар бар.
Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының саны 281 құраса, кәсіподақ мүшелерінің саны 50 мыңнан асады. Сонымен қатар, Руслан Ермаханбетұлы әлеуметтік әріптестік аясында жасалып жатқан жұмыстар, кәсіподақтың алдағы жоспарлары туралы айтып өтті.