Павлодар облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының бастамасымен білім беру ұйымдарының басшыларымен және облыстың кәсіподақ активімен өткізілген жаңа нормативтік-құқықтық актілердің нормаларын қолдану мәселелері бойынша семинар-кеңестер циклі аяқталды.
Семинар-кеңестер 2022 жылдың 1-11 ақпан аралығында өтті.
Семинар-кеңестердің жұмысына үш қала мен облыстың 10 ауылдық ауданынан әлеуметтік әріптестер, кәсіподақ көшбасшылары, педагог қызметкерлерді аттестаттау, басшыларды ротациялау, оларды тағайындау және лауазымнан босату мәселелеріне мүдделі мыңнан астам тыңдаушылар қатысты.
Ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін кеңестердің тренерлері болып Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Гулсина Шиндлярская, Павлодар облысы білім беруді дамытудың инновациялық орталығының басшысы Бақытгүл Аушахманова, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктің құқықтық мәселелер бойынша бас маманы Гүлшат Жаркенова таңдалды.
“Білімдіден не пайда, білгенін көпке айтпаса. Үйреткеннен не пайда, қайырымы қайтпаса” деген қазақтың дана сөзінде айтылғандай, “Жаңа нормативтік-құқықтық актілерді іс жүйесінде қолдану” туралы облыстық семинарға қатысуға, қажетті ақпаратты алуымызға мүмкіндік жасаған семинар ұйымдастырушыларына алғысымды білдіремін. Өте жақсы семинар болды”, – деді Шарбақты ауданының Галкино орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Бақытгүл Аухадиева.
“Семинарлардың уақтылы және пайдалы циклі. Ең бастысы, оның практикалық бағыты бар. Семинар тыңдаушылары аттестация, ротация және басқа да маңызды мәселелер бойынша заңнамалармен қаруланды деп үміттенемін”, – деп өз пікірімен бөлісті “Павлодар аудандық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы” ҚБФ төрайымы Сандуғаш Матаева.
“Семинар көптеген өзекті мәселелерді шешуге көмектесті. Кәсіби және сауатты құрастырылып өткізілді. Педагогтерді аттестаттау тақырыбы өте сұранысқа ие болды, сондықтан ол бойынша сұрақтар қайталанып қойылды, оларға спикерлер шыдамдылықпен және мазмұнды түрде қайта-қайта жауап берді. Ұйымдастырушыларға үлкен рахмет және сәттілік тілейміз!”, – деді Тереңкөл ауданы “Талбесік” бөбекжайының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Гүлнәр Кушубаева.
“Ұйымдастырушыларға педагог қызметіне қатысты құқықтық мәселелер саласындағы ауқымды және пайдалы ақпарат үшін зор алғысымды білдіргім келеді. Менің ойымша, бұл семинар әр мұғалімнің одан әрі жетілдірілуіне және өз жұмысына жаңа біліммен ұмтылуына ықпал етеді”, – деді Екібастұз қаласы ПМПК бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Алтынгүл Сәрсенова.
Семинар-кеңестер циклін өткізу барысында 83 сұрақ қойылды, оларға қызметкерлер құзыретті, сауатты жауаптар алды.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады. Барлық ақпараттар мен слайдтық презентациялар аудандық және қалалық филиалдарға жолданды. Олар, сондай-ақ, өз қызметкерлерін жергілікті жерлерде оқытатын болады.