“Сұрақ-жауап” форматында қоғамдық қабылдау өткізілді

Шығыс Қазақстан облысында ҚРКФ Заң клиникасы облыстық филиалының жетекшісі  Батырбек Нұрпейісов «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында қоғамдық қабылдау өткізді.

Қоғамдық қабылдауға ұжымның бас мамандары (барлығы 6 адам) қатысты. Батырбек Нұрпейісов еңбек қатынастарын реттейтін заң нормаларын қолдану тәртібі бойынша түсініктемелер берді. Ұйымның есепшісі Любовь Андреевна экологиялық өтемақылар мен жыл сайынғы қосымша ақылы демалысты беру тәртібі жөнінде сұрақтарына түсініктер алды.

Еңбек заңнамасының жекеленген нормаларын қолдану жөніндегі қоғамдық қабылдауда қатысушылар өзара пікір алмасты, еңбек қатынастарын реттеу барысында орын алған жекелеген дауларды шешу жолдарын анықтап алды.

Батырбек Нұрпейісов ҚР Кәсіподақтар федерациясының еңбек адамының заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау бойынша атқарылып жатқан істері жөнінде ақпарат берді.

Қоғамдық қабылдауға қатысушылар ШҚО Кәсіподақтар орталығының заңгері Батырбек Нұрпейісовке алғыстарын айтып, келешекте де осындай кездесулерді өткізуге өтініш білдірді.