Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі мен «SENIM» Денсаулық сақтау жұмыскерлерінің салалық кәсіподағының Қызылорда облыстық филиалының бірлескен ақпараттық жұмыстары нәтижесінде облыстық салалық кәсіподақ ұйымы жаңа бастауыш ұйыммен толықпақ.
Облыстық салалық кәсіподақ төрағасы А.Аблайханұлы Қызылорда облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің еңбек ұжымымен кездесіп, кәсіподақтар жүйесінің негізгі қағидаттары бойынша түсіндірме жүргізді.
Сонымен қатар, кездесу барысында облыста салалық кәсіподақ ұйымымен атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берілді. Еңбек ұжымы салалық кәсіподақтың жұмысына қызығушылық танытып, осы ұйымда кәсіподақ мүшелері болуы туралы ниеттерін жеткізді.